Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мобилограф Қыран Талапбектің жұбайы енесімен қандай қарым-қатынаста екенін айтты

Опубликовано:

Гүлзада Тұрлаш пен Қыран Талапбек
Гүлзада Тұрлаш пен Қыран Талапбек. Фото: instagram/gulzada_tl

Биыл мобилограф Қыран Талапбек пен блогер Гүлзада Тұрлаш шаңырақ көтерді. Блогердің жұбайы "Менің өмірім" бағдарламасында енесімен қандай қарым-қатынаста екенін айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Ата-енеме үйреніп кеттім. Осы жерде ата-енеме алғысымды білдіргім келіп отыр. Бірінші келген күнімнен бастап қызындай қарайды. Әлі күнге жұмыс істетіп көрмеді. Қонақ келсе де, аспаз шақырады. Үйде де тамақ дайындайтын аспаз бар. Оған уақытымды кетірмеймін. Алғашқы күннен бастап өздері сондай ұсыныс тастады. "Үйге аспаз алайық", "Сен қиналма", "Үйді жинайтын адамдар бар" дейді.

Жаңа Астанадан ұшып келдім, ұшағым кешікті. Үйге соғып кеттім. Үйде енем тамақ жемей, мені күтіп отыр екен. Екеуіміз бірге ас ішіп, үйден шықтым. Маған "Сұхбатыңа дайындалдың ба? Қашан шығады біліп ал. Мен көремін" деп айтады. Мені қызындай қабылдайды. Күнде екеуіміз сырласамыз, шай ішеміз. Қыдырып келеміз. Енем өте керемет жан", - деді Гүлзада Тұрлаш.

Айта кетейік, Қыран Талапбек пен Гүлзада Тұрлаштың үйленгені туралы жаңалық желіге тараған болатын.

Естеріңізге сала кетейік, мобилограф Қыран Талапбек бұған дейін Жанар Айжанованың қызы Айжұлдыз Адайбековамен аз уақыт некеде тұрды. Олардың ортақ ұлы бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2042371-mobilograf-qyran-talapbektin-zubaiy-enesimen-qandai-qarym-qatynasta-ekenin-aitty/

pixel