jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз

    Таразда мерекеге орай мемлекеттік ту көтерілді

    Республика күніне арналған салтанатты шара
    Фото: Тараз қаласы әкімдігі

    Бүгін Тараз қаласында Тұңғыш Президент саябағында Республика күніне орай "Қыран елім-Қазақстаным!" атты мерекелік іс-шара өтті. Іс-шарада мемлекеттік ту көтеру рәсімі ұйымдастырылды.

    "Оңтүстік" әскери қолбасшылығының үрмелі оркестрі, мемлекеттік гимнді орындап, осы сәтте ту көтерілді.

    Сонымен қатар қолөнер, сурет, шығармашылық көрмелері, жастардың қатысуымен мерекеге арналған флешмоб, К.Әзірбаев атындағы облыстық филармонияның және Ы.Дүкенұлы атындағы қалалық мәдениет үйінің өнерпаздары әсем әндерден шашу шашты.

    Республика күніне арналған салтанатты шара
    Фото: Тараз қаласы әкімдігі

    Салтанатты іс-шараға Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев, қала әкімінің міндетін атқарушы Нұрбол Қалдыбаев, облыстық және қалалық ардагерлер кеңесінің мүшелері, зиялы қауым, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, этномәдени бірлестіктердің басшылары мен мүшелері, белсенді жастар мен өзге де шаһар тұрғындары қатысты.

    Тұрғындар
    Фото: Тараз қаласы әкімдігі

    Сондай-ақ "Қыран елім-Қазақстаным" атты акция аясында мемлекеттік туларды көп қабатты тұрғын үйлердің қасбеттеріне ілу (Март ойын-сауық орталығы, облыстық қаржы басқармасының ғимараты, Абай даңғылы, 159 үй, "Жамбыл" қонақ үйі, "Астана" ықшам ауданы, №1,2,6 үйлер, "Ұлы дала" ықшам ауданы, 23 үй) ұйымдастырылды.

    Таразда мерекеге орай мемлекеттік ту көтерілді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.