Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Менен кейін жұмыстан келетін әйел керек емес": Ләйлә Сұлтанқызы марқұм күйеуінің өзіне қойған шартын айтты

Опубликовано:

Ләйлә Сұлтанқызы жұбайымен
Ләйлә Сұлтанқызы жұбайымен. Фото: instagram.com/sultankyzy

Ләйлә Сұлтанқызы марқұм күйеуінің отбасы болмас бұрын қандай талап қойғанын айтты. Тележүргізуші жұбайының қандай шарты болғанын "Жедел сұхбат" бағдарламасында баяндап берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Осы уақытқа дейін мен тұрмыста болдым. Қайрекең "Маған жұмыс істейтін, менен кейін жұмыстан келетін әйел керек емес. Тұрмысқа шығар кезде саған қоятын шартым: балаңның тамағы, денсаулығы дұрыс болуы керек. Сен өз міндетіңді дұрыс орында. Егер содан артылса, барып тірлігіңді жаса. Мен сенің жұмысыңды сұрамаймын. Кітап шығарасың ба? Эфир жасайсың ба? Мен жұмысың туралы сұрамаймын. Тура солай сен де менің жұмысым жайлы сұрамайсың. Менің жұмыстан қанша табатынымды, бірінші отбасындағы балама қанша табатынымды сұрамайсың. Мен үшін ешқашан бірінші орында тұрмайсың. Ескер" деді.

Мен қысым ортасында жүрдім дегім келмейді. Бірақ менде белгілі ережелер мен шарттар болды", - деді Ләйлә Сұлтанқызы.

Айта кетейік, Ләйлә Сұлтанқызының күйеуі Қайрат Беркімбаев былтыр қайтыс болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2042647-menen-keiin-zumystan-keletin-aiel-kerek-emes-laila-sultanqyzy-marqum-kuieuinin-ozine-qoigan-talabyn-aitty/

pixel