Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Төгіп жібердік": Мадина Сәдуақасова ел білмейтін қызықты оқиғасын бөлісті

Опубликовано:

Мадина Сәдуақасова
Мадина Сәдуақасова. Фото: instagram.com/sadvakasovamadina

Мадина Сәдуақасова мектеп кезінде пионер болғанын баяндап берді. Әнші "Таңшолпан" бағдарламасында сыныпта кезекші болып, төртінші қабаттан шелектегі суды төгіп жібергенін айтып берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Мектепте әнші болдым ғой. Ол кезде пионер деген болған. Пионерлер өздері кезекші болып, сыныпты өздері жинайтын. Мен мектепте алғашқы сапта тұратын, беделі жақсы оқушы болдым. "Орыс мектебінде оқыса да, қазақшаға судай" дейтін.

Біз бірде сыныпта кезекші болып қалдық. Енді шелектегі еден жуған суды төгетін бала қашып кетіпті. Жанымдағы қыз "Шелектің екі жанынан ұстап, далаға апарып төгеміз" деді. Мен "Төртінші қабаттан төменге түсіреміз бе? Төртінші қабаттың терезесінен төге салайық" деп ұсыныс айттым. Жанымдағы Дина деген қыз "Қой, төгейік" дейді.

Мен шелекті көтергім келмей тұрғанын айттым. Екеуіміз екі жағынан ұстап, суды төгіп жібердік. Ешкім білмейді деп сыныпты жауып жатсақ, мектеп директоры тұр ғой. Сөйтсек, ол су үшінші, екінші, бірінші қабаттың терезесіне төгілген ғой. Кім жасады деп сұраса, "Мадина Сәдуақасова" дейді. Содан кейін ондай нәрсе жасауға болмайтынын түсіндім", - деді Мадина Сәдуақасова.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2042652-togip-ziberdik-madina-saduaqasova-el-bilmeitin-qyzyqty-oqigasyn-bolisti/

pixel