Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Меломен" тобының әншісі Ғабит Бибасыұлы ажырасуына қатысты сауалға жауап берді

Опубликовано:

Ғабит Бабасыұлы мен бұрынғы жұбайы
Ғабит Бабасыұлы мен бұрынғы жұбайы. Фото: instagram.com/zhuldyzdar_joly

Күні кеше "Меломен" тобының әншісі Ғабит Бибасыұлының әйелі күйеуінен ажырасып кеткенін айтқан болатын. Осыдан соң өнер иесі оқырмандары жолдаған сауалға жауап берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Желі қолданушысының бірі әншіге "Нурилланы үш баласымен тастап кеткеніңіз дұрыс болмады", - деп жазған.

Ал Ғабит Бибасыұлы мұның тағдыр екенін айтқан.

"Тағдырға бойұсынады екенсің ғой", - деп жауап қайтарды Instagram парақшасында.

Айта кетейік, күні кеше "Меломен" тобындағы әнші Ғабит Бибасыұлының жұбайы Нурилла Ақберен ажырасып кеткендерін мәлім етті.

""Біріңіз білсеңіз, біріңіз білмессіз. Дегенмен, сіздерге бөлісетін маңызды әңгімем бар. Мен ажырасқандар санын біреуге көбейттім. Тұрмыстық зорлық-зомбылық көрген әйелдің санын біреуге азайттым...

Бұл шешімге келіп, балалармен кеткеніме 1 жылдай уақыт болды. Әкесі балаларға қолдан келгенше көмектесіп жатыр. Мен балаларды әкесінен бөлмеймін. Оны балалардың әкесі ретінде сыйлаймын. Сол сыйға лайық болып, қалса екен деймін", - деп жазған болатын Нурилла Ақберен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2042733-melomen-tobynyn-ansisi-gabit-bibasyuly-azyrasqany-zaily-qauesetke-zauap-berdi/

pixel