Айжұлдыз Адайбекова туған күнін өткізуге 5 млн теңге жұмсаған
Жарияланған күні:
Әнші, актриса Айжұлдыз Адайбекова 27 жасқа толды. Өнер иесі туған күніне 150 адам шақырып, 5 млн теңге жұмсаған, деп хабарлайды REVUE NEWS бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
"Қателеспесем, менде 5 млн теңгедей қаражат шықты. Ақша қайтып келеді. Бірақ мұндай сәттер қайта келмейді.
Жаңа жасымнан жаңа белестер мен жақсы нәтиже, бақытты болуымды және жақсы көретін адаммен қосылуымды тілеймін", - деді Айжұлдыз Адайбекова.
Айжұлдыздың айтуынша, ол туған күніне арнайы 5 қабатты тортқа тапсырыс берген.
"Естен кетпес кеш болды. 150 адам келді. Мен арнайы 5 қабатты тортқа тапсырыс бердім", - деп жазды Айжұлдыз.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2042743-aizuldyz-adaibekova-tugan-kunin-otkizuge-5-mln-tenge-zumsagan-foto-video/