Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Түк қалдырмай тонап кетті": Гүлзира Айдарбекова үйіне ұры түскенін айтты

Опубликовано:

Гүлзира Айдарбекова жұбайы Нұртас Айдарбековпен
Гүлзира Айдарбекова жұбайы Нұртас Айдарбековпен. Фото: instagram.com/gulziraaidarbekova

Қазақстандық танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова үйіне ұры түсіп, бір мезетте бар дүние-мүлкінен айырылып қалған кезін есіне алды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Қайрат Нұртастың анасы басынан өткен қиын жағдай жайлы Мақпал Қаратайға берген сұхбатында тарқатып айтып берді. Өнер иесі сол оқиғадан соң дәулетке қызықпайтын болғанын жеткізді.

"Бұрындары керемет үйім болса деп армандайтынмын. Негізі көп арманым орындалды. Мен кішкентай кезімнен Қазақстанның ең көрікті қаласында тұрамын деп армандайтын едім. Расында кейін Алматыда тұрдым. Содан соң Астанадан да үй алдық. Екі жақта да менде мүмкіндік болды. Екі жақта да қара шаңырағымыз бар. Ол арманым орындалды. Коттеджіміз де болды. Бірақ жер үйдің тірлігі бітпейді. Ал бізде күнде қозғалыс, жұмыс. Оған уақыт жоқ. Бір күні сол коттеджімізге ұры түсті. Сейфтарымызды, бағалы тондарымды түк қалдырмай тонап кеткен кезіміз болды. Үйдің бәрі суық сияқты. Тіпті кіргім келмей қалды.

Осы жағдайдан кейін дәулетке қызықпаймын деп шештім. Бұл оқиғадан сабақ алдық. 2020 жылы індет жайлаған кезде анам мен ағамнан айырылдым. Екеуі де ақ матаға оранып кете барды. Артында жинаған байлығы қалды. Соны көріп, тәубаға келдім. Қазір қарапайым көпқабатты үш бөлмелі үйде тұрамыз. Қажеттілікке жүріп тұрған бір ғана көлігіміз бар. Ақша мен дүние-мүліктің түбіне жету мүмкін емес екенін түсіндім," – дейді продюсер.", - деді Айдарбекова.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2042759-tuk-qaldyrmai-tonap-ketti-gulzira-aidarbekova-uiine-ury-tuskenin-aitty/