Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Гүлзира Айдарбекова: Келіндерім үшін жүрегімді жұлып беруге дайынмын

Опубликовано:

Айгерім Саркенова енесі Гүлзира Айдарбековамен
Айгерім Саркенова енесі Гүлзира Айдарбековамен. Фото: instagram/sarkenova.aigerim

Отандық танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова келіндерімен арақатынасы жайлы жан сырын ақтарды. Ол ұлдарының әйелдері үшін жүрегін жұлып беруге дайын екенін айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Гүлзира Айдарбекова келіндерін өз қызындай көргенін алға тартып, оларға көп жеңілдік жасайтынын айтты. Бірақ, уақыт өте келе жұлдызды ене келін келіндігімен жүру керек деген ой түйген.

"Келіндерім үшін жүрегімді жұлып беруге дайын тұрамын. Бірақ сол махаббатқа бірі лайық болса, бірі лайық болмай жатады. Әрқайсысы әр түрлі, алған тәрбиесі басқа, өмірге деген көзқарасы басқа. Білетіні де бар,білмейтіні де бар. Балаларым өз еркімен өмір сүреді. Менің еркімен болса, бәрі басқаша болар еді. Бұған дейін балаларымның өмірі күті болса екен деп келдік. Енді немерелерім мен келіндерімнің өмірі күшті болса екен деп отырамыз.

Мен таңғы бесте базарда сауда істедім, олар жылы төсегінде ұйықтаса екен деймін. Сағат бірге дейін ұйықтай берсінші, тұрғызбайыншы деймін. Осындай көп жеңілдік істеп қойсаң, ол да болмайды екен. Келін келіндігімен жүре керек екен. Ал мен қыз аламын деп ойлап қалдым. Өзімнің қызым болады дедім", - деп ағынан жарылды продюсер Мақпал Қаратайға берген сұхбатында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2042789-gulzira-aidarbekova-kelinderim-usin-zuregimdi-zulyp-beruge-daiynmyn/

pixel