Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жүлдеге мені лайықты деп жазбаңыздар": Иманбек Әли Оқаповқа қолдау білдірді

Опубликовано:

Иманбек
Иманбек. Фото: instagram.com/imanbekmusic

Танымал қазақстандық музыкант, "Грэмми" жүлдесінің иегері Иманбек "Құрмет" орденін алғаннан кейін сынға ұшыраған Әли Оқаповты жақтап шықты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Иманбек орын алған келеңсіз жағдайға қатысты өз пікірін Instagram желісінде білдірген.

"Біздің досымыз, әріптесіміз Әли Оқапов "Құрмет" орденін алды. Оны шын жүректен құттықтаймын. Алайда оның тарапына көптеген сыни пікір айтылып жатыр. Мен олармен келіспеймін", - деді музыкант.

Оның айтуынша, барша өнер өкілдері, Әлидің өзі де тыңдармандарын қуанту үшін барын салады.

"Сол себепті оған жағымсыз пікірлер жазбауларыңызды сұраймын. Ол жүлдеге мені лайықты деп жазбаңыздар. Керісінше, ол үшін қуанып, қолдауымызды білдірейік. Себебі, біз шығармашылық адамдары өз еліміздің мәдениетін көтеріп жатырмыз", - деп үндеу жасады Иманбек.

Иманбектің Stories-i
Иманбектің Stories-i. Скриншот: Instagram/imanbekmusic

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2042896-zuldege-meni-laiyqty-dep-zazbanyzdar-imanbek-ali-oqapovqa-qoldau-bildirdi/