Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қуанышымда шек жоқ": Ерке Есмахан үйінің несиесінен қалай құтылғанын айтты

Жарияланған күні:

Ерке Есмахан сторис
Ерке Есмахан сторис. Фото: instagram.com/erke_esmahan

Әнші Ерке Есмахан қазір тұрып жатқан үйінің несиесін күйеуі төлеп бергенін айтты. Өнер иесі Instagram парақшасында оқырман сауалына жауап берген, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Желі қолданушысы "Бала дүниеге келгеннен кейін осы үйде тұра бересіздер ме?", - деп сұрады Ерке Есмаханнан.

Ал әнші үйінің қарызын күйеуі төлеп бергенін айтты.

"Әрине, тұра береміз. Бұл үйді кезінде мен несиеге алып, содан қанша жыл төлеп жүрдім. Карантин кезінде жұмыс жоқ, үйде отырып қалып қиналдым. Раимға күйеуге шығып, арқа сүйеп, жағдайым жақсарып қалды.

Күйеуім несиені жауып, құжаттарды банктен алып бергенде, қуанышымда шек болмады. Шүкір! Қазір ештеңе ойламаймын, рақат. Сондықтан әзірге осы үйде тұрамыз", - деп жауап берді әнші.

Айта кетейік, Ерке Есмахан биыл қаңтар айында өнердегі әріптесі Раимға тұрмысқа шықты.

Ал жақында жұлдызды жұп сәбилі болатынын хабарлады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2043142-quanysymda-sek-zoq-erke-esmaxan-uiinin-nesiesinen-qalai-qutylganyn-aitty/