Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Полиция "Ирина Қайратовна" тобының мобилографының қазасына байланысты тергеу жүргізуде

Опубликовано:

Шахназ Жылқайдаров
Шахназ Жылқайдаров. Фото: instagram.com/zhilkaidarov__

Астанада өткен "Ирина Қайратовна" тобының концертінде 21 жастағы мобилограф Шахназ Жылқайдаров қайтыс болған еді. Полиция жас жігіттің өліміне қатысты тергеу жүргізіп жатыр, деп хабарлайды елорда полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

"Мобилографтың өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды. Қажетті тергеу амалдары жүргізілуде. Тағайындалған сараптамалар әлі дайын емес. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде", - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Полицейлер қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеудің басқа деректері жария етілуге ​​жатпайтынын атап өтті.

Естеріңізге сала кетейік, 14 қазан күні Астанада өткен "Ирина Қайратовна" тобының концертінде 21 жастағы мобилограф Шахназ Жылқайдаров есінен танып, қайтыс болды. Бұл туралы топ мүшелері сахнада хабарлады.

15 қазан күні "Ирина Қайратовна" тобы әлеуметтік желідегі ресми парақшасында Шахназдың қайтыс болуына байланысты көңіл айтты. Сонымен қатар топ 14-15 қазан күндері Астанада жоспарланған концертін тоқтатты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2043175-policiya-irina-qairatovna-tobynyn-mobilografynyn-qazasyna-bailanysty-tergeu-zurgizude/

pixel