Қазақстандық әртістер Қарағанды облысында қаза болған кеншілердің отбасына көңіл айтты
Жарияланған күні:
Қазақстандық өнер иелері Қарағанды облысындағы Костенко шахтасында қаза тапқан кеншілердің отбасына көңіл айтты. Олар бұл жайлы әлеуметтік желіде жазды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Продюсер Гүлзира Айдарбекова Instagram парақшасында марқұм кеншілердің отбасының қайғысына ортақтасты.
"Қаза болғандардың жанұясына Алла сабыр берсін. Иманы саламат болсын! Қайтыс болғандардың жақындарына қайғырып көңіл айтамыз", - деп жазды Гүлзира Айдарбекова.
Сонымен қатар продюсердің ұлы Қайрат Нұртас та бұл ауыр қазаға көңіл айтты.
"Қарағандылық кеншілердің отбасына қайғырып көңіл айтамыз. Алла сабыр берсін", - деп жазды Қайрат Нұртас.
Әнші Алтынай Жорабаева да қарағандылықтардың қайғысына ортақтасты.
"Қарағанды облысында қаза тапқан жандардың туыстарына Алла сабыр берсін! Қайғырып, көңіл айтамыз", - деп жазды Жорабаева.
Сондай-ақ Ақерке Бүркітбай мен Жазира Байырбекова және басқа да жұлдыздар бұл жағдайға байланысты көңіл айтты.
"Алла Тағалам алдынан жарылқасын!", - деп жазды Байырбекова.
Еске сала кетейік, 28 қазан күні Қарағанды облысындағы Костенко шахтасында жарылыс болды.
Апат кезінде шахтада 252 адам болған, 205 кенші жер бетіне шығарылған.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін Жалпыұлттық аза тұту күнін жариялады.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, 29 қазан, сағат 20:00-дегі жағдай бойынша апаттан қаза тапқан кеншілердің саны 45-ке жеткен. Тағы бір кеншіні іздеу жұмыстары жалғасуда.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2043177-qazaqstandyq-artister-qaragandy-oblysynda-qaza-bolgan-kensilerdin-otbasyna-konil-aitty/