Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қарағанды облысындағы шахтада апаттан қаза тапқандар саны 45-ке жетті

Опубликовано:

Май шам
Май шам. Көрнекі сурет: pixabay.com

Қарағанды облысындағы Костенко атындағы шахтада жарылыстан қаза тапқан 45-ші кеншінің денесі табылды. Бір кеншіні іздеу жұмыстары жалғасуда, деп хабарлайды төтенше жағдайлар министрлігі.

Осыған дейін 42 кеншінің денесі табылып, қалған төрт адамды іздеу жұмыстары жалғасып жатқан болатын.

"Костенко атындағы шахтада аварияны жою жөніндегі жедел штаб тәулік бойы жұмыс істеуде. Сағат 20:00-дегі жағдай бойынша 45 кеншінің денесі табылды. Бір кеншіні іздеу жалғасуда.

Жұмыстар бір-бірінен шамамен 6 км қашықтықта орналасқан екі өндіру учаскесі ауданында жүргізілуде. Кеншілер орналасуы мүмкін ықтимал учаскелерге тау-кен құтқарушыларының өтуінің барлық мүмкін жолдары пысықталуда", - деп мәлім етті төтенше жағдайлар министрлігі.

Еске сала кетейік, 28 қазан күні Қарағанды облысындағы Костенко шахтасында жарылыс болды.

Апат кезінде шахтада 252 адам болған, 205 кенші жер бетіне шығарылған.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін Жалпыұлттық аза тұту күнін жариялады.

Сонымен қатар төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, сағат 15:00-дегі жағдай бойынша 42 адамның денесі табылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2042998-qaragandy-oblysyndagy-saxtadagy-apattan-qaza-tapqandar-sany-45-ke-zetti/

pixel