Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Мен бәріне дайынмын": Мереке Қалбаева күйеуінің тоқал алуына қатысты ойын айтты

Опубликовано:

Мереке Қалбаева
Мереке Қалбаева. Фото: Instagram/merekusha.k

Қазақстандық танымал әзілкеш Мереке Қалбаева анасы мен күйеуінің арақатынасы жайлы сөз қозғап, жолдасының тоқал алуына анасы қалай қарайтынын айтып берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Мереке Қалбаева Хабар арнасындағы "Ұйқым келмейді" бағдарламасына сұхбат беріп, күйеуінің екінші әйел алуына түбегейлі қарсы екенін жеткізді.

Алайда Мерекенің анасы күйеубаласының тоқал алуына қарсы емес екен.

"Анам "ұятың болса, Арсенге тоқал алып бер" деген. Арсенді сондай қатты жақсы көреді. Менің анам Арсен барлық жақсылыққа лайық деп санайды. Мен де сондай ойдамын. Арсен барлық жақсылыққа тек менімен ғана лайық. Бірақ, өмірде ештеңеге таң қалмайтын болдық. Мен бәріне дайынмын. Құдай сондайды жазып қойса, көнесің. Барлығын әзілге айналдырып жібересің ғой. Әкеліп тұрса, бір амалын тауып, әзілдеп қайтарып жібереміз", - деді Қалбаева.

Алайда сұхбат соңында жайдарманшы ару анасы бұл сөздерді әзілдеп айтқанын жеткізді. Мереке желіде күйеуіне тоқал сыйлап жатқан видеосын жариялағанда, анасының көңілі түсіп қалған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2043418-men-barine-daiynmyn-mereke-qalbaeva-kuieuinin-toqal-aluyna-qatysty-oiyn-aitty/

pixel