Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Денсаулығы сыр берген Тоқтар Серіков екі қаладағы концертін кейінге ауыстырды

Опубликовано:

Тоқтар Серіков пен Бейбіт Сейдуалиева
Тоқтар Серіков пен Бейбіт Сейдуалиева. Фото: instagram.com/toktar_beibit

Әнші Тоқтар Серіков еліміздің екі қаласында концерт өткізуі керек болған.Өнер иесі денсаулығына байланысты Өскемен мен Павлодар қалаларындағы кешін желтоқсан айына ауыстырғанын айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Бұл жайлы әнші Instagram парақшасында хабарлады.

"Ассалаумағалейкум, ағайын! Құрметті, Павлодар мен Өскемен өңірінің жұртшылығы, 31 қазан және 1 қараша күндері өтетін концертімді аяқ асты денсаулығымның жарамай қалуына байланысты басқа уақытқа ауыстыруға мәжбүр болып отырмыз. Сіздерден кешірім сұраймыз", - деп жазды парақшасында.

Сонымен қатар әнші кейінірек концерттік баннерді бөлісті.

Ол жерде Павлодардағы концерттің - 1 желтоқсанға, ал Өскеменде өтетін кеш қарашаның 30-да болатынын байқауға болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2043486-densaulygy-syr-bergen-toqtar-serikov-eki-qaladagy-koncertin-keiinge-auystyrdy/

pixel