Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Арзан" актриса емеспін": Дариға Бадықова табысы жайлы айтты

Опубликовано:

Дариға Бадықова
Дариға Бадықова. Фото: instagram.com/dariga_badykova

Отандық танымал актриса Дариға Бадықова "Келінжан" сериалындағы рөлі үшін алатын гонорары жайлы айтты. Өнер иесі киноға түскені үшін аз қаламақы сұрамайтынын жеткізді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Дариға Бадықова Айсараның рөлі өзіне үлкен жетістік әкеліп қоймай, гонорарына да әсер еткенін жеткізді. Дегенмен өнер иесі гонорарын орынсыз көтере беруден аулақ екенін айтты.

Актриса өзі кино түсіруді бастағалы продюсерлердің жанын жақсы түсінетін болған.

"Мен құдайдан "мені өзгертпеші, ақшаның буына бас қылмашы" деп үнемі сұраймын. Осы Айсара үш жылда менің гонорарымды көтерген. Негізі "арзан" актриса емеспін. Бірақ бізде продюсерлер қырып тауып жатқан жоқ. Шығын көп. Бәрібір достық жеңіп кетеді ғой. Келіп бер, түсіп бер дегенге бара беремін. Өзім кино түсіргелі оларды да түсінетін болдым. Актер гонорарын айтып жатса, артылып жатса төлейсің. Артылмай жатса, "түсіп берші" деп жалынасың", - деді Бадықова "Ұйқым келмейді" бағдарламасына берген сұхбатында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2043487-arzan-aktrisalarga-zatpaimyn-dariga-badyqova-oz-tabysy-zaily-aitty/

pixel