Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұрлан Қоянбаев атын пайдаланып жүрген алаяқтардан сақ болуға шақырды (видео)

Опубликовано:

Нұрлан Қоянбаев
Нұрлан Қоянбаев. Фото: t.me/ptrkkz

Актер Нұрлан Қоянбаев әлеуметтік желіде оқырмандарын алаяқтардан сақ болуға шақырды. Өнер иесі Instagram парақшасында белгісіз біреулердің өзі жайлы жалған ақпарат таратқанын жеткізді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Ғаламторда, әлеуметтік желіде мен жайлы жалған ақапарат тарап жатыр. Менің тегімді пайдаланып, алаяқтар белгісіз сайтқа шақырып жатыр. Олар - алаяқтар! Сенбеңіздер! Алданып қалмаңыздар. Олар сіз жайлы ақпарат пен ақшаңызды тартып алуы мүмкін", - деді видеода Қоянбаев.

Желі қолданушылары актер айтқан ақпаратты көргенін жарыса жазды.

"Көрдім. Жалған екенін түсіндім", "Әлеуметтік желіде көрсем, шағым түсіріп отырамын", "Сізге осы жайлы жазғанмын", "Ескертіп қойғаныңыз дұрыс", - деп жазды желідегілер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2043488-nurlan-qoyanbaev-atyn-paidalanyp-zurgen-alayaqtardan-saq-boluga-saqyrdy-video/

pixel