Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Фариза Төреәлі ерекше гүлді фотосессия жасап, елді өзіне қаратты

Жарияланған күні:

Фариза Төреәлі
Фариза Төреәлі. Фото: Instagram/farizatoreali

Төреғали Төреәлінің қарындасы Фариза Төреәлі желіде ерекше образдағы суреттерін жариялап, ел назарын өзіне аударды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Блогер ару табиғат аясында жасаған гүлді образдағы фотосессиясын Instagram парақшасында бөліскен. Суреттерде Фаризаның гүлдермен көмкерілген көйлекте тұрғанын көруге болады.

"Ұлы дала баласының" қарындасы бұл суреттерін барша қыз-келіншектерге арнап, оларды гүлдей құлпырып жүруге шақырды.

"Біздер әйел заты - гүлміз. Миссиямыз әдемі болу, жайқалу, айналаны гүлдендіру, гармония сыйлау, жарқырау. Осының бәріне ықпал ететін, солдырмайтын, қуратпайтын, күтім жасайтын ер азаматтарымыз. Уақытылы көңіл бөлінсе, жылы сөздер айтылса, махаббат берілсе жайқайлмайтын гүл жоқ. Осы образ арқылы біздің табиғатымызды тағы да еске салғым келді. Себебі жаратушы берген заңды рөліңде болғанда ғана шынайы бақытқа қол жеткізесің. Құлпыра берейік, әйел заты", - деп жазды Фариза Төреәлі.

Желі қолданушылары блогердің асқан сұлулығына тәнті болып, оған жылы лебізін білдіруде.

"Неткен әдемісіз", "Гүлдерден де сұлусыз", "Сұлулық деп осыны айт", "Өте ерекше фотосессия болыпты", "Фантазияңыз тамаша, нағыз гүлсіз", "Керемет, көріктісіз", - деп жазуда оқырмандар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2043581-fariza-toreali-erekse-guldi-fotosessiya-zasap-eldi-ozine-qaratty/