Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жігіттер ашығын айтты": Ерболат Беделхан "91" тобының табысы туралы айтты

Опубликовано:

Ерболат Беделхан
Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Қазақстандық танымал әнші әрі продюсер Ерболат Беделхан "91" тобының табысы жайлы сөз қозғап, бүгінде топ мүшелерімен қарым-қатынасы қандай екенін ашып айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"91" тобының бұрынғы продюсері тойға шықпайтын әртістерге табыс табу өте қиын екенін атап өтті. Бұл тұрғыда ол атышулы топтың да материалдық жағдайы мәз емес болғанын жеткізді. Ол қаржы тарапынан карантин уақытында қиналғанын айтты.

"Пандемия кезінде біз сияқты тойға шықпайтын компаниялар қатты есеңгіреп қалды. Ауыр кезең болды. Қазіргі уақытта жігіттермен қарым-қатынасым жақсы. Бұрынғыдай жиі болмаса да, арасында хабарласып тұрады. Ақыл-кеңесімді сұрап тұрады. Осы соңғы екі жылда жасап жатқан дүние өздерінікі. "91" тобы материалдық жағдайы туралы көп айтты. Бірақ менің қоластымда болғанда оны айтқызбас едім. Бірақ, балалар менен шыққаннан кейін ашығын айтты.

Негізі Қазақстанның шоу-бизнесін алып қарасақ. Тойға шықпайтын әртістер күнкөріс табу мүмкін емес. Нарық жоқ. Тек тойдың арқасында табыс табады. Дегенмен ол жерда басқа қандай түсінік болу керек. Ақша тапқың келсе мейрамханаларға, тойларға барасың. Күнделікті тіршілік. Өнерге, мәдениетке орын қалмай қалады. Жүгіріп жүресің. Сондықтан болар жігіттер барлығын тікесін айтыпты. Олар көп дүниені айтты ғой", - деді Беделхан "Ұйқым келмейді" бағдарламасына берген сұхбатында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2043694-zigitter-asygyn-aitty-erbolat-bedelxan-91-tobynyn-tabysy-turaly-aitty/

pixel