Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әнші Асхат Тарғын ата-анасына көлік сыйлады (видео)

Опубликовано:

Асхат Тарғын ата-анасымен
Асхат Тарғын ата-анасымен. Фото: "Жұлдызды шаңырақта" бағдарламасы

Әнші Асхат Тарғынның отбасы анасының 70 жас мерейтойы мен ата-анасының отау құрғанына 50 жыл толуына орай дүркіретіп той жасаған. Мейрамханада атап өтілген қуанышта өнер иесі мен бауырлары бірігіп, әкесі мен анасына көлік мінгізді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Бұл жайлы Асхат Тарғын Instagram парақшасында айтты.

"Кеше әулетімізде үлкен қуаныш той болды. "Қуанышты бөліссең көбейеді" дейді ғой. Сол қуанышымызбен бөлісейін деп тұрмын. Анам 70 жасқа келді. Әкем екеуінің отау құрғанына 50 жыл толып, алтын тойды Шалқарда атап өттік.

Алланың қалауымен әкеміз бен анамызға көлік мінгіздік. Ауыл арасында, той-садақаға мініп жүрсін. Ата-анамыздың ризашылығын тірісінде алғанға не жетсін. Баршаңызға жұғысты болсын", - деп жазды Асхат Тарғын.

Видеодан көлікті мейрамхана ортасына кіргізіп, әншінің отбасы әкесіне кілт табыстаған сәтті көруге болады. Ал сыйлықты алған Асхат Тарғынның әкесі қуаныштан көзіне жас алды.

Айта кетейік, әнші бауырларымен әкесіне сыйға тартқан Chevrolet Cobalt көлігінің нарықтағы бағасы - 6,5 млн теңгеден басталады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2043699-ansi-asxat-targyn-ata-anasyna-kolik-syilady-video/

pixel