jitsu gif branding logo appbranding logo app

    Әбдіжаппар Әлқожа 18 жыл бұрынғы суретін көрсетті (фото)

    Әбдіжаппар Әлқожа
    Әбдіжаппар Әлқожа. Фото: instagram.com/abdizhappar_alkozha

    Отандық әнші Әбдіжаппар Әлқожа желіде жасөспірім шағындағы суретін жариялады. Өнер иесі Instagram парақшасында әпкесі Роза Әлқожа екеуінің 18 жыл бұрынғы кезін көрсетті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    "2005 жыл. "Ауылда жүрсе өспейді", "Өзі бұзық бала", "Қазірден бастап өнерге баулу керек", "Байқауға шықсын, ән айтсын", "Сахнаға шықсын" деп, осы суреттегі қалпыммен өнерімді бастаған едім.

    Негізі Роза Әлқожамен ең бірінші дуэт айтқан менмін. Алтын Махамбетова апайдың басқаруындағы "Әнші болғым келеді" байқауы болатын. Республика сарайындағы алғашқы қадамым, үш мың адамның алдында ән айттым. Содан бері 18 жыл өтті", - деп жазды Әбдіжаппар Әлқожа.

    Желі қолданушылары әншінің жас күніне баға беріп, түрлі пікір қалдырды.

    "Қазағымның еркесі", "Жарайсың, балам", "Өрлей бер", "Керемет", "Сүйкімді бала болыпсың", "Әртіс бала екенің көрініп тұр", - деп жазды желідегілер.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.