Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әнші Тұрар Ыдырыстың жанкүйері концерт кезінде сүйіктісіне ұсыныс жасады (видео)

Жарияланған күні:

Тұрар Ыдырыс
Тұрар Ыдырыс. Фото: instagram.com/turar__ydyrys

Қазақстандық танымал әнші Тұрар Ыдырыстың концертіне жиналған көпшілік қуанышты жағдайға куә болды. Әртістің жанкүйері ән кешінде сүйіктісіне үйленуге ұсыныс жасады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Тұрар Ыдырыстың Талдықорған қаласында өткен концертінде қос ғашық отбасылық өмірге бір қадам жасады.

Әнші өнер көрсетіп жатқан сәтте сахнаға үлкен гүл шоғымен ер адам шығып, әртіске өз өтінішін білдірді. Артынан ер азамат сахнаға ғашығын шақырып, жиналған көпшілік алдында үйленуге ұсыныс жасады. Бойжеткен "иә" деп жауап берді.

Әншінің жанкүйерлері қос ғашық үшін қуанып, оларға қошеметін көрсетті. Концерт кезіндегі ұсыныстың видеосы Instagram желісінде тарап кеткен.

Айта кетейік, күні кеше Тұрар Ыдырыстың жақын досы, блогер Әден Марғұлан да сүйіктісіне үйленуге ұсыныс жасаған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2043772-ansi-turar-ydyrystyn-zankuieri-koncert-kezinde-suiiktisine-usynys-zasady-video/