Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қос той қатар келді": Роза Әлқожа отбасындағы қуанышты жаңалықты бөлісті

Опубликовано:

Роза Әлқожа ұлы мен інісімен
Роза Әлқожа ұлы мен інісімен. Фото: Instagram/bars_qaba

Қазақстандық танымал әнші Роза Әлқожаның отбасында қуанышты жағдай. Жұлдызды әулет тағы бір адаммен толықпақ. Әртістің үлкен ұлы Бейбарыс жақында шаңырақ көтереді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Роза Әлқожа бұл қуанышты жаңалығын "Мархабат" бағдарламасында бөлісті.

Әнші бірінші қарашада жеке концертін беріп, енді 15 қарашада ұлын үйлендіретін болды.

"Осыдан алты ай бұрын концерт алып қойдық. Ешбір концертіме бұлай алдын ала дайындалмайтынмын. Бір ай қалған шақта ән жаздырып, киім тіккізіп жанталасып жүретінмін. Осы жолы алты ай бұрын дайындықты бастап кеттім. Әнімді жазып, атын "Ақмандайлым" деп қойдық. Өзім де таңғалып жүр едім. Бір ерте дайындалған концертім болды деп ойладым.

Сөйтсек, Алланың қалауымен, баламыздың шешімімен осындай алғашқы қуанышымыз болады екен. Соған аяқ-асты дайындалып жатқан жайымыз бар. Қазақтың "қос тойың қатар келсін" деген сөзін жақсы көремін. Бұл да Алланың берген қуанышы шығар деп отырмыз. Бейбарысым мені алғаш ана атандырып еді. Енді, міне ене атандырайын деп жатыр. Балалар теңін тапса қуаныштымыз. Ене болуға дайындалмайтын сияқты. Бәрін өз уақытында көре жатармыз" , - деді әртіс.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2043989-qos-toi-qatar-keldi-roza-alqoza-otbasyndagy-quanysty-zanalyqty-bolisti/

pixel