Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Осы көру қабілетіңе риза бол": әнші Серікбол Сайлаубек Стамбұлда көзіне ота жасамағанын айтты

Опубликовано:

Серікбол Сайлаубек
Серікбол Сайлаубек. Видеодан кадр: "Ұйқым келмейді" бағдарламасы

Әнші Серікбол Сайлаубек көзіне ота жасату үшін Стамбұлға барған. Өнер иесі "Ұйқым келмейді" бағдарламасында шетелдік дәрігерлер көзіне ота жасауға келіспегенін айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Бағдарлама жүргізушісі Аман Тасыған әншіден "Стамбұлда көзіңізге қанша рет ота жасалды?", - деп сұрады.

Ал әнші Стамбұлға тексерілуге барғанымен ота жасалмағанын жеткізді.

"Стамбұлда ота жасамады. Дәрігерлер келіссе, ота жасату үшін тексерілуге бардым. Стамбұлдағы дәрігерлер "Сенде екі көз емес, бір-ақ көз ғой. Екі көз болса, тәуекел етуге болар ма еді?! Ол көліктің моторы емес қой. Ол көздің жанары" деді. Көзімді тексерсе, қарашығым ары-бері қашады. Ауырады. "Көзің шаршапты. Осы көру қабілетіңе риза бол" деді.

Маған көбісі Испанияға, Кореяға баруға кеңес береді. Бірақ, осыған шүкір. Көзімнің торын тігіп, сол жерді ұстап тұру үшін силикон қойды. Силикон деген судың астында жүрген сияқтысың. Мен сегіз ай бойы солай жүрдім. Көзім ашылғанда, байлықтың не екенін түсіндім. Күннің сәулесін көрдім, маған басқа ештеңенің керегі жоқ қой. Байлық деген - денсаулық екен. Соған біз қуануымыз керек", - деді Серікбол Сайлаубек.

Айта кетейік, осыған дейін әнші әйелімен не үшін ажырасқанын мәлім етті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2044014-osy-koru-qabiletine-riza-bol-ansi-serikbol-sailaubek-stambulda-kozine-ota-zasamaganyn-aitty/

pixel