Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Әпкемнің арқасы": Әбдіжаппар Әлқожа өнер жолына қалай келгенін айтты

Жарияланған күні:

Әбдіжаппар Әлқожа
Фото: Instagram/abdizhappar_alkozha

Қазақстандық шоу-бизнес жұлдызы Әбдіжаппар Әлқожа өнерге алғаш қадам басқан кезін есіне алды. Өнер иесі әншілікке келуіне жұлдызды әпкесі Роза Әлқожаның үлесі елеулі болғанын айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Әбдіжаппар Әлқожа Instagram парақшасында әпкесіне әсерлі жазба арнап, өз естелігін бөлісті. Ол өзін бала күнінен бастап өнерге баулыған Роза Әлқожаға ерекше алғысын айтты.

"Ауылда жүрсе өспейді, өзі бұзық бала. Қазірден бастап өнерге баулу керек, байқауларға шықсын, ән айтсын, сахнадан табылып жүрсін" деп осы суреттегі қалпыммен өнерімнің қалыбын бастаған еді. Роза Әлқожамен ең бірінші дуэт айтқан менмін негізі. Алтын Махамбетова апайдың басқаруындағы "Әнші болғым келеді" байқауы болатын.

"Республика сарайына" алғашқы қадам. Екі мың адамның түрін көріп үлгермеген боз бала бірден үш мың адамның алдында ән айтты. Әуелі Алла сосын Роза әпкемнің арқасында. Содан бері 18 жыл. Осы өнерімнің қалыбын құрап, санама серпін, ойыма ақыл, парасатқа пайым берген ұлы ұстаз, мотиватор, қамқоршым, тірегім! Балаға бере алмас байлықты маған бергеніңізге мың алғыс", - деп жазды өнер иесі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2044028-apkemnin-arqasy-abdizappar-alqoza-oner-zolyna-qalai-kelgenin-aitty/