"Менің пікірімді сұрап жатқан жоқ": Ерке Есмахан болашақ сәбиінің есімін кім қоятынын айтты
Жарияланған күні:
Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Ерке Есмахан болашақ сәбиіне қатысты елді қызықтырған бірқатар сұраққа жауап берді. Өнер иесінің перзентінің есімін өзі қоймайтынын айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Ай-күні жақындап қалған Ерке Есмахан Instagram желісінде көпті қызықтырған сұрақтарға жауап берді. Әнші болашақ сәбиінің есімін ата-енесі мен күйеуі қоятынын айтты. Сөзінше, бұл мәселеде оның пікірін ешкім тіпті сұрамаған.
"Ол шіркінайдың есімін мен қоймайтыным анық. Ата-әжесінің бірінші немересі, әкесі де отыр жүрегі алып ұшып. Шын айтайын, мені елеп, пікірімді сұрап жатқан ешкім жоқ", - деп ағынан жарылды әртіс.
Оған қоса, Ерке Есмахан қазірдің өзінде әкесі мен сәбиінің арасында ерекше байланыс бар екенін атап өтті. Оның айтуынша, болашақ сәбиі жұлдызды әкесінің дауысын жақсы көреді.
"Маған қарағанда әкесінің дауысын жақсы көреді. Сөйлессе қозғалып жауап қайтарады. Ән айтса тыңдайды, мазасызданса сүре, дұға оқиды. Оған да реакциясы өзгеше. Алланың құдыреті ғой" , - деп жазды өнер иесі.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2044240-menin-pikirimdi-surap-zatqan-zoq-erke-esmaxan-bolasaq-sabiinin-esimin-kim-qoyatynyn-aitty/