Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Димаш Құдайберген Тоқаевтың ерекше сыйлығын көрсетті (фото)

Опубликовано:

Димаш Құдайберген күшігімен
Димаш Құдайберген күшігімен. Фото: Instagram/kudaibergenov.dimash

Ғажайып дауысымен күллі елді таңғалдырған Димаш Құдайберген желіде Қасым-Жомарт Тоқаевтың тарту еткен ерекше сыйлығын көрсетті. Мемлекет басшысы әншіге тазы күшігін сыйлаған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Әнші ерекше сыйлығы жайлы Instagram парақшасында айтып берді. Ол күшігіне "Ғарышкер" деген есімді берген.

Эстрада жұлдызын Қазақстанда тазыны сақтап қалуға және халықаралық дәрежеде мойындауға баса көңіл бөлініп жатқаны қуантады.

"Достар, танысып қойыңыздар, бұл - менің жаңа досым. Табиғаттың бұл ғажабын, яғни тазы күшігін маған Қасым-Жомарт Кемелұлы сыйлады. Тазы – біздің ұлтымыз үшін құндылық, бабадан қалған "Жеті қазынаның" бірі. Қазіргі күні Қазақстанда тазыны сақтап қалуға және халықаралық дәрежеде мойындауға баса көңіл бөлініп жатқаны қуантады. Себебі бұл қазақы тұқым тән сұлулығымен, ұстамдылығымен ерекшеленеді және менің байқауымша, өте ақылды келеді.

Ата-бабамыз тазыны қастерлеп, жақсы көрген. Бұл ит киіз үйге еркін кіре алған, бұл оның тазалығын білдіреді. "Тазы" атауы парсы тілінен енген, мағынасы - "шапшаң", "епті". Осындай баға жетпес сыйлық үшін президентімізге алғыс айтамын! Тазының атын "Ғарышкер" деп атадық", - деп жазды әртіс.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2044245-dimas-qudaibergen-toqaevtyn-erekse-syilygyn-korsetti-foto/

pixel