Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Тұңғышымдай толғатайын деп тұрмын": Аяғы ауыр Ерке Есмахан елден кеңес сұрады

Опубликовано:

Ерке Есмахан
Ерке Есмахан. Фото: instagram.com/erke_esmahan

Ай-күні жақындап қалған әнші Ерке Есмахан көпшіліктен жеңіл босану үшін не істеу керектігін сұрады. Өнер иесі күйеуі екеуі сәбимен кездесуді асыға күтіп жүргендерін айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Ерке Есмахан жүктілігінің тоғызыншы айына келгенін айтып, келіншектер қауымынан ақыл сұрады. Өнер иесі алғашқы жүктілігінен кейін 11 жыл өтіп кеткендіктен көп жайттарды ұмытып қалғанын жасырмады. Сол себепті ол көпшіліктің көмегіне жүгінуді шешкен.

"Ең әдемі кезеңімнің 9-шы айы бүгін басталды. Алла бұйыртса жүрегімнің ішіндегі жүрегіммен жүздесетін күнді әкесі екеуміз асыға күтудеміз. Ал қыздар қауымы мәреге жақын қалдым. Айтатын ақылдарыңызды аямай жазыңыздар", - деді әнші.

Эстрада жұлдызы аяғы ауыр кезінде ұшақпен көп ұшып, көптеген елге саяхаттады. Оның айтуынша, жүктілігі айтарлықтай жеңіл өтуде. Алайда, дәрігерлер соңғы айда әншіге үйде отыруға кеңес берген.

"Бөпе құрсағыма біткеннен бастап менде ұшу-қону көп болды. Әсіресе, шетелге көп бардық. Бір жарым айда Лондонда қыдырып, концерт көріп, билеп жүргенмін. Одан соң, қаншама ұшулар болды. Жетінші айда да Лондонда болдым. Токсикоз, ми ашу, қиналыс болмады. Осы кезге дейін ештене сезбей, жеңіл өтіп кетті. Тек осы ай тоғызыншы айда дәрігерлер "тынышталыңыз, үйде отырыңыз" деген соң, отырмын амал жоқ", - деді ол.

Ерке Есмаханның Stories-i
Ерке Есмаханның Stories-i. Скриншот: Instagram/erke_esmahan

Сондай-ақ Ерке Есмахан бүгінде алғаш рет босанатындай болып жүргенін жеткізді.

"11 жыл бұрын Мүслимді дүниеге алып келдім. Жаным қазір ақылды, үлкен жігіт болды. Шүкір. Енді 11 жыл бұрын не, қалай болғаны есімде жоқ. Одан кейін басымнан не өтпеді. Сондықтан тұңғышымдай толғатайын деп тұрмын", - деп жазды әртіс.

Ерке Есмаханның Stories-i
Ерке Есмаханның Stories-i. Скриншот: Instagram/erke_esmahan

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2044271-tungysymdai-tolgataiyn-dep-turmyn-ayagy-auyr-erke-esmaxan-elden-kenes-surady/

pixel