Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"АХАТ бөлімінде жылап қалдым": Бақыт Тұрман тұрмысқа шыққан кезін есіне алды

Опубликовано:

Бақыт Тұрман
Бақыт Тұрман. Фото: Instagram/bakyt_turman

Қазақстандық танымал әнші Бақыт Тұрман өз үйлену тойын есіне алып, ел білмейтін жайтты бөлісті. Өнер иесі тұрмысқа шығар алдында АХАЖ бөлімінде қатты жылап қалған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Бақыт Тұрман үйлену тойы кезінде болашақ өмірін уайымдап, анасын қимай жылаған. Алайда, Қайрат Әділгерей келіншегіне өз қолдауын көрсетіп, оны бақытты етуге барын салатынын айтқан.

"Мен тұрмысқа шыққан кезде Қайрат жұлдыз болған жоқ. Ол өте көңілді жігіт еді. Бірақ, өз тойымда мен қатты уайымдадым, жыладым. АХАТ бөлімінде қатты жылап қалдым. Анамды қимай, сол кезде жылағаным есімде қалыпты. Қайрат той кезінде "мен сені бақытты қыламын, мен бақыттымын" деп айта берді. Қолдауын білдіргені ғой. Сондай кезде қалай қуанбасқа?

Жігітің "мен бақыттымын" деп айта берсе, оған көңілің толады ғой. Мен Қайрекеге сенімді болдым. Сол кезбен санағанда тойымыз өте жақсы өтті. Алтынай мен Талғат Жорабаевтар Атырауға арнайы келіп, тойымызды біршама көтеріп кетті", - деді Бақыт Тұрман "Төрлетіңіз" бағдарламасына берген сұхбатында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2044296-axaz-boliminde-zylap-qaldym-baqyt-turman-turmysqa-syqqan-kezin-esine-aldy/

pixel