Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Кешіретін шығармын": Дариға Бадықова опасыздыққа қатысты ойын айтты

Опубликовано:

Дариға Бадықова
Дариға Бадықова. Фото: instagram.com/dariga_badykova

Қазақстандық танымал актриса Дариға Бадықова опасыздық тақырыбын қозғап, оған қатысты не ойлайтынын айтты. Бұған дейін көзге шөп салу мәселесіне түбегейлі қарсы болған өнер иесі бүгінде оған кешіріммен қарайтынын жеткізді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Дариға Бадықова Дина Төлепбергенге ашыла сұхбат беріп, ел білмейтін бірқатар жайтты ақтарды. Актриса қазіргі уақытта опасыздықты кешіре алатынын айтып қалды.

"Қазір мен ақыл тоқтаттым. Бұрын 22-25 жасымда опасыздықты кешірмейтін едім. Қазір кешіретін шығармын. Қазір даналығым басқа шығар", - деді Бадықова.

Оған қоса, өнер иесі әйелдердің ісіне араласып, ақшасын санап жүретін ерлерді сынап тастады.

"Бояуды, әтірді таңдап беретін еркектер бар. Өз басым маған ондай адамдар ұнамайды. Торттың дәміне дейін ажырата алатындар бар. Ол ер адамға тән емес. Дәмін ажыратсын мейлі. Бірақ, оның бағасына араласып жатады. 25 мың теңгеге бояуын сатып алады. Сол кезде ері "неге соншама қымбат? бұны жағып қайда шығасың?" дейді. Бұл болған оқиға. Маған солай айтылса "50 мыңға сатып алсам да, өзім білемін" дер едім", - деді актриса.

Сонымен қатар, өнер иесі бүгінде отбасылық қаржыға қатысты көзқарасы өзгергенін алға тартты. Айтуынша, әркімнің ақшасы өзінде болу керек.

"Әркімнің өз ақшасы болу керек. Отбасылық дүние алсаң, қосасың. Барлығына қосыласың. Бірақ, әркім өз ақшасын өзі ұстау керек", - деді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2044437-kesiretin-sygarmyn-dariga-badyqova-opasyzdyqqa-qatysty-oz-oiyn-aitty/

pixel