Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қызуым көтеріліп, ауырып қалдым": Даулы жағдайға тап болған Әли Оқаповтың денсаулығы сыр берді

Жарияланған күні:

Әли Оқапов
Әли Оқапов. Фото: Instagram/aliokapov

Қазақстандық танымал әнші Әли Оқапов "Құрмет" орденіне қатысты даулы жағдайдан кейін денсаулығы сыр бергенін айтты. Өнер иесі дене қызуы көтеріліп, қатты ауырып қалған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Эстрада жұлдызы қазіргі жағдайын Instagram парақшасында бөлісті. Даулы жағдайдан кейін ауырып қалған әнші әлі де ем қабылдап жатқанын жеткізді.

"Оралатын кез келді. Мен тағы видеоүндеу түсіруді ойладым, бірақ бұл жағдайдың телехикая болып кеткенін қаламаймын. Сол себепті, ол райымнан қайттым. Жақын арада Динара Сәтжанға берген сұхбатым жарыққа шығады. Сол жерде бар ойымды толық айттым. Бұдан былай бұл тақырыпқа қатысты пікір білдірмеймін. Қоңырау мен ұсыныс өте көп. Сондықтан аз уақытқа барлық желіден үзіліс алдым. Одан кейін бұл оқиға менің денсаулығыма әсер етіп, қызуым көтеріліп, қатты ауырып қалдым. Әлі де аурудан құлан-таза айыққан жоқпын, ем қабылдап жатырмын. Соның кесірінен үш келі салмақ тастадым", - деді ол.

Орын алған жағдай Әли Оқаповтың өзіне ғана емес, отбасына да ауыр тиген. Жұлдызды жанұя бұл жайттан кейін шетелге шығып, демалып қайтуды жөн көрген.

"Отбасым қандай жағдай болмасын әркез қасымда. Мені бұл күйден шығару үшін бәріміз бір аптаға демалыс алуды жөн көрдік. Жанұямызбен менің сүйікті еліме жол тартпақпыз. Әсіресе Зейінге пайдасы тиері анық. Балалар демалыста тез өсіп, дәрумендер ішеді. Ал бізге ойлануға мүмкіндік бар. Бірақ ештеңе ойламаған дұрыс. Маған жанашыр болған барлық жақыныма мың алғыс", - деді әртіс.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2044495-qyzuym-koterilip-auyryp-qaldym-dauly-zagdaiga-tap-bolgan-ali-oqapovtyn-densaulygy-syr-berdi/