"Таңғажайып Женева қаласына бардым": Димаш Құдайберген БҰҰ женевалық филиалының басшысымен кездесті (фото)
Жарияланған күні:
Танымал әнші Димаш Құдайберген БҰҰ Женевалық филиалының басшысы Татьяна Валоваямен кездесті. Бұл туралы өнер иесі Instagram парақшасында жазды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
"Кеше, 6 қарашада таңғажайып Женева қаласына бардым, онда мен Біріккен Ұлттар Ұйымының Женевалық филиалының басшысы Татьяна Валоваямен кездестім. Кездесу барысында біз бірлескен жобалардың келешегін талқыладық. Сондай-ақ белгілі тұлғалардың әмбебап адами құндылықтарды, бейбітшілік пен өзара түсіністік идеяларын ілгерілетуде ерекше рөл атқара алатынын атап өттік", - деп жазды Димаш Құдайберген.
Әнші бұл сапарында Ұлттар сарайында болып, Женева кітапханасы мен БҰҰ мұрағаттарындағы өнер туындыларымен, тарихи құжаттармен және нысандармен танысқан.
"Кейінірек Уилсон сарайында – БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі басқармасында және халықаралық көші-қон ұйымының штаб-пәтерінде кездесулер өтті.
Сондай-ақ Қазақстанның БҰҰ жанындағы Женевадағы Тұрақты өкілдігіне барып, қызметкерлермен және олардың отбасы мүшелерімен кездестім. Тұрақты өкіл Ерлан Әлімбаевпен кездесу барысында мен Женева алаңындағы жұмыста Қазақстанның басым бағыттарымен таныстым", - деді Димаш Құдайберген.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2044603-tangazaiyp-zeneva-qalasyna-bardym-dimas-qudaibergen-buu-zenevalyq-filialynyn-bassysymen-kezdesti-foto/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.