Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қарызға баттым": Еркебұлан Тоқтар спорттық ойынға бәс тігуге әуес болғанын ашып айтты

Опубликовано:

Еркебұлан Тоқтар
Еркебұлан Тоқтар. Скриншот: Қызық live бағдарламасы

Танымал актер Еркебұлан Тоқтар осыдан үш жыл бұрын спорттық ойындарға бәс тігіп, қарызға батқанын айтты. Өнер иесі Instagram парақшасында дер кезінде есін жиғанын баяндап берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Осыдан 3 жыл бұрын ойнайтынмын. Футболға ставка қойып жүріп 3 миллион теңге қарызға кіргенмін. Қазір зерттеп қарасам, ол кезде менде тұрақты жұмыс болмады. Сәйкесінше, тұрақты жалақы болмады. Жеңіл ақша іздеп, аспаннан түседі дегенге сеніп жүрдім. Арада 3 жыл өтті.

Лудомания деген қазір үлкен мәселе екен. Мен лудоман болған жоқпын. Қарызға кіріп, дер кезінде есімді жидым. Бірақ бар ақшасын құмар ойынға беріп, қарызға батып жүргендер өте көп екен. Алдында айтқанымдай, адамдардың жеңіл ақша іздеуіне де байланысты. Оңай жерде ақша жоқ. Ақша ниетіңе, еңбегіңе, біліміңе байланысты беріледі", - деп жазды Еркебұлан Тоқтар.

Сонымен қатар актер жастарға бұл жол тек қарызға батыратынын айтты.

"Қатарластарыма ақыл айта алмаймын. Жастарға айтқым келеді, жоламаңдаршы! Мен жолап көрдім, байымадым. Қарызға баттым. Абай атамыз "Өзіңе сен. Өзіңді алып шығар, еңбегің мен ақылың екі жақтап" деп бекер айтпаған", - деді Еркебұлан Тоқтар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2044633-3-mln-tenge-qaryz-boldym-erkebulan-toqtar-sporttyq-oiynga-bas-tiguge-aues-bolganyn-asyp-aitty/

pixel