Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қызғанамын": Бауыржан Сатов әйелі Альбина Шардарова жайлы айтты

Опубликовано:

Бауыржан Сатов пен Альбина Шардарова
Фото: Instagram/ baurzhansatov

Қазақстандық танымал жүргізуші Бауыржан Сатов келіншегі Альбина Шардаровамен алғаш танысқан кезін есіне алып, отбасылық өмірі қалай өтіп жатқанын айтып берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Бауыржан Сатов жұлдызды әйелін әлі де қызғанатынын жасырмады. Оған желіде Альбина Шардарованы Қуандық Рахымға қосып жататыны ұнамайды екен.

"Альбинамен Тараздағы концертте таныстық. Сосын мен жол бойы Альбина жайлы айттым. Ол маған қатты ұнады, ғашық болдым. Үйленгім келді. Содан кейін хикаямыз басталды. Альбина халықтың алдында жүрген әнші. Мен оны қызғанамын. Алдында Қуандық Рахыммен батысқа гастрольдік сапарға кетті. Мен екі баламен үйде қалдым. Желіде жазылып жатқан пікірлерді оқыдым. "Екеуі жақсы жарасады, әттең екеуі қосылмады" деп көп жазады. Дегенмен қанша жыл өтсе де, ол сөздер тиеді екен. Қуандыққа қызғанбаймын. Бірақ, маған емес, Қуандыққа көп жарасады деген сөздерге ренжимін", - деді ол.

Оған қоса, Сатов келіншегінен көбінесе өзі кешірім сұрайтынын айтып қалды. Ол әйеліне кейде елдің көзінше ұрысып қалатынын жеткізді.

"Альбина екеуіміз ренжіскен кезде әркез мен кешірім сұраймын. Альбинаның келіп, кешірім сұрағаны есімде жоқ. Мен тез ашуланып, тез басыламын. Кейде Альбинаға елдің көзінше ұрысып жіберетінім бар. Ол дұрыс емес. Елдің көзінше ондайды көрсетпеу керек екен. Оны енді түсініп келе жатырмыз", - деді актер Urpaq подкастында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2044644-qyzganamyn-bauyrzan-satov-aieli-albina-sardarova-zaily-aitty/

pixel