Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Құдай сақтасын": Бауыржан Сатов қыздарының өзіндей жігіт таңдағанын қаламайтынын айтты

Опубликовано:

Бауыржан Сатов сұхбат беруде
Бауыржан Сатов сұхбат беруде. Видеодан кадр: Youtube/Urpaq Podcast

Бүгінде екі қыз тәрбиелеп отырған Бауыржан Сатов алғаш әке болған шағын есіне алып, ел білмейтін жайтты ақтарды. Өнер иесі бүгінде үлкен қызы өзіне аса жақын емес екенін жеткізді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Бауыржан Сатов туңғышы дүниеге келген кезде өзін әке сезінбегенін ашып айтты. Соған орай қазіргі уақытта үлкен қызы оған емес, анасына жақынырақ екен.

Бауыржан Сатов екінші перзентімен қарым-қатынасы ерекше екенін атап өтті. Айтуынша, кенжесі әкесін қаты жақсы көреді.

"Бірінші қызым туылғанда мен өзімді әке сезінбедім. Ол - менің қателігім. Мүмкін мен сондай ақымақ шығармын. Бірінші қызым туылған кезде мен әке болғанымды сезінбедім. Әке бола алмадым. Қазір үлкен қызым маған жақын емес. Ол анасына жақын. Мен ол туған кезде сезінбедім. Бір күні "папамен қаласың ба?" деген де бірден жоқ дегенде ойланып қалдым. "Мына бала менен қорқады ғой" деген ой келді. Мен сондай ақымақ шығармын. Басыма тиіп барып, бір-ақ үйренемін. Екінші қызым ол енді маған ерекше жақын. Мені жақсы көреді, менсіз ұйықтамайды. Үлкен қызым анасын қызғанады", - деді ол Urpaq подкастында.

Сонымен қатар, актер болашақта қыздарының өзі сияқты жігітті таңдағанын қаламайтынын жеткізді.

"Құдай сақтасын. Күйеубалаларым мен сияқты болғанын қаламаймын. Әкесіне қарап, күйеу таңдаған. Сол үшін мен қазір өзімді тәрбиелеп жатырмын", - деді өнер иесі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2044658-qudai-saqtasyn-bauyrzan-satov-qyzdarynyn-ozindei-zigit-tandaganyn-qalamaitynyn-aitty/

pixel