jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұр Еркін
    Нұр Еркін
    Бұрынғы қызметкер

    Блогер Мерей Әбілова қызойнағын өткізді

    Дінмұхамед Қашкен мен Мерей Әбілова Париж төрінде
    Дінмұхамед Қашкен мен Мерей Әбілова: instagram/abilovva_m

    Блогер Мерей Әбіловаға сүйіктісі көктем айында тұрмысқа шығуға ұсыныс білдірген. Ұзату тойы енді өтетін ару құрбыларының басын қосып, қызойнақ өткізді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Блогер сүйіктісі Димаш Қашкенмен сәуір айында мұсылманша неке қидырған.

    Revue News бағдарламасының мәліметіне сүйенсек, Әбілова қызойнағын күміс түстес ренкпен әрлеген. Бойжеткен қазір үйінде ұзатуға дайындық жұмыстары жүріп жатқанын мәлім еткен.

    "Тойға аз уақыт қалғанда жариялауды жөн көрдім. Елдің арасында сөз болмасын дедім. Некемізді қидырғанмен, бөлек тұрып жатырмыз. Солай келістік. Қыз ұзатылмай тұрып, күйеудің үйіне бармайды деп келістік", - деді Мерей Әбілова.

    Ал блогердің әпкесі Аружан Әбілова сіңлісінің ұзату тойына отбасылық тосынсый дайындап жатқанын айтты.

    "Отбасылық тосынсый дайындап жатырмыз. Оны ұзату тойында көресіздер. Ондайды ешкім күтпейді деп ойлаймын. Мерей білмейді", - деді Аружан Әбілова.

    Блогер Мерей Әбілова қызойнағын өткізді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.