Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жүктілігі жайлы жалған ақпарат Ерке Есмаханды шошытты (фото)

Опубликовано:

Ерке Есмахан
Ерке Есмахан. Фото: instagram.com/erke_esmahan

Әнші Ерке Есмахан жақында ана атанбақшы. Екінші сәбиін күтіп жүрген өнер иесі желіде белгісіз әйелдің өзінің жүктілігі жайлы жазған жалған ақпаратынан шошыды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Өзі жайлы жалған ақпаратты әнші Instagram парақшасында жариялады.

"Ең әдемі кезеңімнің тоғызыншы айы басталды. Әкесі екеуіміз жүрегімнің ішіндегі жүрегіммен жүздесетін күнді асыға күтудеміз", - деп жазды Ерке Есмахан.

Осы жазбасынан соң әнші өзіне жазылған пікірлер арасында жалған ақпарат барын да атап өтті.

"Өтірік! Бұлар тамыз айының 20-ы күні үйленді. Үш ай енді ғана болды. Ішіне бірнәрсе тығып қойған. Сосын "Босандым" деп, біреудің баласын сатып ала салады", - деп пікір қалдырған желі қолданушысының бірі.

Ал Ерке Есмахан бұл пікірге қатысты өз ойын білдірді.

"Сурет астына жазылған пікірлерді оқып отырмын. Мына апаның жазған қиялы миыма сыймады. Бізге жағатын күйе болмай, ойға келгенді құрастырдыңыздар-ау! Алла сақтасын", - деп жазды әнші.

Ерке Есмахан сторис
Ерке Есмахан сторис. Скриншот: instagram.com/erke_esmahan

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2044697-zuktiligi-zaily-zalgan-aqparat-erke-esmaxandy-sosytty-foto/

pixel