Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жазира Байырбекова эфир кезінде үш бүлдіршіннің тұсауын кесті

Опубликовано:

Жазира Байырбекова тұсау кесуде
Жазира Байырбекова тұсау кесуде. Видеодан кадр: Youtube/Jibek Joly TV

Қазақстандық танымал әнші Жазира Байырбекова отандық бағдарлама кезінде бірден үш бүлдіршіннің тұсауын кесті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Өнер иесі "Жақсы адамдарым" бағдарламасында қонақта болып, өз өміріне қатысты ақтырыла сұхбат берді.

Эстрада жұлдызы өзі жайлы сыр шертіп қана қоймай, қазақтың тұсау кесу рәсімін де өткізіп қайтқан. Әншінің бағдарламаға келетінін естіген жанкүйерлері бүлдіршіндерін ерте келіп, арнайы Байырбековаға тұсау кестірген.

Әртіс бұл ұсынысқа бірден келісіп, балақайларға игі тілегін айтқан. Ол бірден үш бүлдіршіннің тұсауын кескен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2044715-zazira-baiyrbekova-efir-kezinde-us-buldirsinnin-tusauyn-kesti-video/

pixel