Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Желтоқсан оқиғасына қатысқан актриса Гүлнар Байбосынова қуғынға ұшырағанын айтты

Опубликовано:

Гүлнар Байбосынова
Гүлнар Байбосынова. Видеодан кадр: "Жұлдызды шаңырақта" бағдарламасы

Актриса Гүлнар Байбосынова ел білмейтін құпиясын бөлісті. "Жұлдызды шаңырақта" бағдарламасында өнер иесі Желтоқсан көтерілісіне қатысқанын айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"1986 жылы оқуға түстік. Біздің маңдайымызға 1986 жыл сарт ете қалды. Одан да біраз азап көрдік. Қуғынға ұшырадық. Бізді тергеуге алып, камераға отырғызып қойды. 6-7 ай тергеуде жүрдік. Күнде камераға отырғызып, жауап алуға шақыратын. 19 жастамын. Апарып қамап тастады", - деді Гүлнар Байбосынова.

Сонымен қатар өнер иесі бірінші фильміне 2015 жылы түсіп бастағанын жеткізді.

"Оқуға да, жұмысқа тұруға да қиын болды. Өнерге 2015 жылы қайтып келдім. Осы үйді бастағанда, бірінші фильмге түстім. Осы сегіз жылда 74 сериалға түстім. Театрды да сағынам. Театрды да көремін", - деді Гүлнар Байбосынова.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2044716-zeltoqsan-oqigasyna-qatysqan-aktrisa-gulnar-baibosynova-qugynga-usyraganyn-aitty/

pixel