Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Әйелімді құшақта деді": Ұланғасыр Қами желіде қызу талқыланған видеоға қатысты пікір білдірді

Опубликовано:

Ұланғасыр Қамиев
Ұланғасыр Қамиев. Фото: Әншінің жеке мұрағатынан

Хит әндерімен көрермен жүрегінен ерекше орын алған жас әнші Ұланғасыр Қами тойда орын алған ыңғайсыз жағдайға қатысты жауап берді. Өнер иесінің дүбірлі шарадағы видеосы желіде қызу талқылануда, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Ұланғасыр Қами "Ұйқым келмейді" бағдарламасында қонақ болып, әлеуметтік желіде қызу талқыға түскен видеосына қатысты пікір білдірді.

Бейнежазбада ән салып тұрған өнерпаздың қасына ерлі-зайыпты келіп, суретке түсіп жатқанын көруге болады. Суретке түсу барысында ер адам Ұланғасырға әйелін құшақтауын сұраған. Бірақ, әнші бұл өтінішті орындаудан бас тартқан.

"Тойда болған оқиға. Бұл кісі менің жанкүйерім екен. Осы кезде 10-шы рет менімен фотоға түсіп жатыр. Бір кезде әйелімді құшақта деп қолымды әйелінің иығына апарып жатыр. Ыңғайсыз жағдайға қалғаным рас. Жұрт жұлдыз аурумен ауырып кетті деп ойлайтын шығар. Ауырғаным рас, бірақ бұл жерде жұлдыз болғаным жоқ. Кейін той тарқап жатқанда осы ағамыз батасын беріп, сәттілік тілеп шығарып салды", – деп түсіндірді әнші.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2044756-aielimdi-qusaqta-dedi-ulangasyr-qami-zelide-qyzu-talqylangan-videoga-qatysty-pikir-bildirdi/

pixel