jitsu gif branding logo appbranding logo app

"Бәрін пісіріп тастапты": Гүлзира Айдарбекова желіде кенже келінімен мақтанды (видео)

Гүлзира Айдарбекова келінімен
Гүлзира Айдарбекова келінімен. Фото: Instagram/gulziraaidarbekova

Қазақстандық танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова желіде отбасылық видеосын бөлісіп, келін түскеннен кейін қолы ұзарып жатқанын айтып мақтанды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Айдарбекова аталмыш видеоны Instagram парақшасында жариялаған. Бейнежазбада жұлдызды ененің келіні пісірген тағамдарды түсіріп, оны мақтап жатқанын көруге болады.

Заңғар Нұртастың келіншегі жолдан келген енесін күтіп, дастархан жайып тастаған.

"Индираның тамағын тойдан кейін жеймін ба десем. Бүгін бәрін пісіріп тастапты. Жарайсың, керемет. Рахмет жандарым. Мені күтіп, тамақ жемей отыр өздері. Нанды да өзі пісіріпті", - деді продюсер ханым.

Желі қолданушылары да жұлдызды әулеттің кенже келінінің пысықтығына тәнті болып, оған мақтау сөздерін жаудырды.

"Жараған екен. Шымкенттің қыздары бәрін жасай алады", "Өте пысық қыз екен. Әрқашан күлімдеп жүреді", "Жастар бақытты болсын. Осылай қолыңызды ұзартсын", "Осындай бақытты күндеріңіз көп болғай", - деп жазуда оқырмандар.

Айта кетейік, бірер күн бұрын Заңғар Нұртастың сүйіктісі өз ұясынан ұзатылып, жұлдызды әулетке келін болып түсті. Бұл Қайрат Нұртастың інісі үшін екінші неке болмақ.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.