Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Өз қызындай көріп кетті": Жазира Байырбекова енесі жайлы жан сырын ақтарды

Опубликовано:

Жазира Байырбекова енесімен
Жазира Байырбекова енесімен. Скриншот: instagram.com/zhazira_bairbekova

Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Жазира Байырбекова сұхбат беріп, оның барысында енесі жайлы айтып берді. Өнер иесінің сөзінше, күйеуінің анасы оны өз туған қызындай көріп кеткен, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Жазира Байырбекова "Жақсы адамдарым" бағдарламасында енесі жайлы ақтарыла сұхбат берген. Әнші екінші анасының қандай адам болғанын айтып, онымен қарым-қатынасын сөз еткен.

Келін атанғанына 27 жыл болған әртіс енесінің көп нәрсені шешетін сыйлы адам екенін алға тартты.

"Аралдағы анамыз көп адамға ұқсамайтын қайсарлығымен, мысымен ерекше ана десе болады. Өйткені, біздің әулетте, көршілер де менің енемнен ақыл сұрап келетін. Көп нәрсені шешетін сыйлы адам болатын. Тіпті өзінің келіндері емес, ағайын-туыстың келіндері аяқ тартатын болған. Бетіне тік қарай алмайтын болған. Қазір енем 80 жастан асып кетті. Бұрынғыға қарағанда қартайып бара жатыр. Үлкен кісілер қазына ғой. Біздің балалар, немерелері үйленгенше жүре тұрса екен деп тілеймін. Өйткені үлкен кісілердің жай ғана отырғаны балаға тәрбие беретін сияқты.

Қазір анамыз ауылда, анда-санда келіп тұрады. Емдетіп, қаратып тұрамыз. Ананың ақ сүтін ешқашан ақтай алмайсың дейді. Бірақ, біз ақтауға тырысамыз. Келін болғаныма 27 жылдан асып кетті. Өз қызындай көріп кетті. Қазіргі менің жанашырым сол кісі. Енем көп сөз айтатын адам емес. Ол кісінің бір сөзі көпке дейін есте қалатын құндылық сияқты. Алдында маған "сен менің басымдағы бағымсың" деп айтты", - деді әнші.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2044861-oz-qyzyndai-korip-ketti-zazira-baiyrbekova-enesi-zaily-zan-syryn-aqtardy/

pixel