Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жалғыздыққа үйреніп қалдым": актриса Гүлнар Байбосынова өзіне қандай ер азамат керек екенін айтты

Опубликовано:

Гүлнар Байбосынова
Гүлнар Байбосынова. Видеодан кадр: "Жұлдызды шаңырақта" бағдарламасы

Актриса Гүлнар Байбосынова әлі күнге өзіне ұнайтын азаматты кездестірмеген. Өнер иесі "Жұлдызды шаңырақта" бағдарламасында ер адамның қандай қасиетін жоғары бағалайтынын айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Әлі кездестірмедім. Жалғыздыққа үйреніп қалғанмын. Арасында ұнату болады. Бірақ бірнәрсе болмай қалады. Маған негізі бұйырмаған.

Бірақ мен бақыттымын. Жәңгіріммен өмір сүремін. Жәңгірімді үйлендіремін, оқытамын. Өмірдегі мақсатым да, арманым да - ұлымды жақсы азамат қып тәрбиелеу.

Егер бұйырып, ер адам кездессе "әрине" деймін. Маған жомарт, тартымды, адамгершілік қасиеті бар, өзін ер азамат секілді ұстайтын, өзімнен мықты адам керек. Менен мықты болуы керек. Қай әйел бақытты болғысы келмейді? Қай әйел жанындағы жарына еркелегісі келмейді? Ал қазір қорқамын. Маған жақындауға қорқады. Түрім суық қой. Мінезі қатты, менсінбейді деп ойлайды", - деді актриса.

Айта кетейік, осыған дейін өнер иесі 47 жасында ЭКҰ арқылы ұлды болғанын баяндап берді.

Сонымен қатар өнер иесі Желтоқсан көтерілісіне қатысқанын да жасырмады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2044884-zalgyzdyqqa-uirenip-qaldym-aktrisa-gulnar-baibosynova-ozine-qandai-er-azamat-kerek-ekenin-aitty/

pixel