Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Адамның жүрегі біреу-ақ": Мадина Сәдуақасованың жазбасы елді ойландырып қойды

Опубликовано:

Мадина Сәдуақасова
Мадина Сәдуақасова. Фото: Instagram/sadvakasovamadina

Қазақстандық шоу-бизнес жұлдызы Мадина Сәдуақасова желіде жаңа жазба жариялап, қалың көпшілікті ойландырып қойды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Өнер иесі аталмыш жазбасын Instagram парақшасында бөліскен. Сәдуақасова оқырмандарына "екі адамға бірдей ғашық болу мүмкін ба" деген сауал жолдады.

"Адамның жүрегі біреу-ақ. Екі адамға бірдей ғашықпын дегенге сену бола ма?! Пікірлеріңіз өте қажет", - деп жазды әнші.

Желі қолданушылары әртістің жазбасын бірден қызу талқыға салды. Олар жарыса өз пікірін жазды.

"Біреуін сүйеді. Біреуін қимайды. Демек, ол мүмкін", "Ондайға сенбеймін. Адам тек бір жанды ғана сүйе алады. Екіншісін алдайды деген сөз", "Еркектің жүрегі екеу екен. Оны жолдасым өзі айтты. Мені де, өзгені де жақсы көремін деген. Сол кезде қатты таңғалдым", "Әйелде жүрек біреу, ер адамдарда қалай екенін білмедім", - деп жазуда көпшілік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2044918-adamnyn-zuregi-bireu-aq-madina-saduaqasovanyn-zazbasy-eldi-oilandyryp-qoidy/

pixel