Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Оны да сынайтын болады": Әли Оқапов ұлының болашағы үшін алаңдайтынын айтты

Опубликовано:

Әли Оқапов отбасымен
Әли Оқапов отбасымен. Фото: instagram.com/aliokapov

Қазақстандық танымал әнші Әли Оқапов жұлдыздың баласы болу өте қиын екенін айтты. Өнер иесі өзінің көргенін болашақта ұлы көрмесе екен деп ойлайды. Ол перзентінің өнер саласына бармағанын қалайды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Әли Оқаповтың айтуынша, кейін ұлы Зейін өнер адамы боламын деп шешсе, оған екі есе қиын болмақ. Себебі, ол нағыз жұлдызды жанұяның өкілі. Оның ата-анасы, ата-апасы мен ағасы да шығармашылықтың адамдары.

"Ұлым музыкалық мектепке түсіп, жақсы білім алуы тиіс деп ойлаймын. Ортасы қалыптасады, мәдениетті түсінеді. Бірақ, мектеп тәмамдаған соң, қайда түсетінін өзі шешеді. Уақыт көрсетеді. Бірақ, мен оның өнер саласына барғанын қаламас едім. Себебі, ол да менің күнімді кешеді. Оның ағасы, әкесі, анасы, апасы мен аталары да өнер адамдары. Оны да жұлдыздың баласы деп сынайтын болады.

"Оның жолы болды" деген сөздер қайта айтылып бастады. Біздің жұмыста бізге тәуелді емес жайттар өте көп. Мысалы, бүгін сізбен де басқа тақырыпта сұхбат жазу керек болғанбыз. Бірақ, сіздің де жолыңыз болды. Әкем мен анамның арқасында өміріміз жақсы болды. Әкем қайтыс болғанда, анамды президент шақыртты. Көңіл айтып, көмегін ұсынды. Бірақ, анам бас тартты. "Бізде бәрі жақсы" деді. Біз ешкімнен көмек сұраған жоқпыз. Әкемнің көлігін сатып, алғашқыда сол ақшаға күн көрдік", - деді Әли Оқапов Динара Сәтжанға берген сұхбатында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2044956-ony-da-synaityn-bolady-ali-oqapov-ulynyn-bolasagy-usin-alandaitynyn-aitty/

pixel