Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тимур Балымбетов алғаш рет екінші ұлын көрсетті (фото)

Опубликовано:

Тимур Балымбетов ұлымен
Тимур Балымбетов ұлымен. Фото: Instagram/balukz

Қазақстандық танымал тележүргізуші Тимур Балымбетов пен келіншегі Лаура алғаш рет көпшілікке кенже ұлын көрсетті. Ата-анасы оған Диас деген есім берген, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Бақытты ата-ана ерекше отбасылық фотосессиясын Instagram парақшасында бөліскен. Бұл жолы ерлі-зайыпты көпшілікке екінші ұлын көрсеткен.

"Диас. Ешкімге ұқсамаған сымбатты әрі тәтті жігіт. Бізге сыйлаған бақыт үшін рахмет. Ұйқысыз түндеріміз болса да, сенімен өткізген әр уақыт біз үшін аса құнды. Сені күнделікті құшақтап, иіскей алатынымыз үшін рахмет. Сені шексіз сүйеміз. Иса да сені жақсы көреді", - деп жазды ата-анасы.

Желі қолданушылары жұлдызды жанұяға тәнті болып, оларға жылы лебізін білдіруде.

"Сондай керемет жанұя", "Бақытты болыңдар. Көз тимесін сендерге", "Бақытты сәттерің көп болғай", "Жақында ғана Тимур мырза жалғыз жүрген еді. Енді міне бір басы төртеу болып жатыр", - деп жазуда оқырмандар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2044963-timur-balymbetov-algas-ret-ekinsi-ulyn-korsetti-foto/

pixel