Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бұғаттап тастады": Құралай Нұрқаділова Мереймен қандай қарым-қатынаста екенін айтты

Опубликовано:

Құралай Нұрқаділова сұхбат беруде
Құралай Нұрқаділова сұхбат беруде. Видеодан кадр: Youtube/Bilgen Durys

Белгілі дизайнер әрі психолог Құралай Нұрқаділова әкесінің екінші некедегі Мереймен бүгінде қарым-қатынасы қандай екенін ашып айтты. Танымал саясаткердің қызы Мереймен араласып тұрғысы келетінін жеткізді. Алайда, ол әзірге мүмкін болмай тұр, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Құралай Нұрқаділованың сөзінше, ол Мерейдің нөмірін іздеп тауып, оған бірнеше мәрте хабарласқан. Бірақ, уақыт өте келе Мақпал Жүнісованың қызы оны бұғаттап тастаған.

"Алтынбек Қоразбаев ағамыз арқылы телефон нөмерін тауып алып, бірнеше мәрте хабарластым. 10 жылдан бері араласуға ниетті екенімді білдіріп келемін. Мерейдің өзі: “Сізге ренжімеймін. Мен де араласуға қарсы емеспін” деген болатын. Бір күні хабарласқанымда: "Екі аптаға демалысқа кетіп барамыз. Содан кейін хабарласайық" деді.

Бірақ хабарласқан жоқ. Бала болғасын, дайын емес болар деп ойладым. Кейін мені бұғаттап тастады. Бірақ, оған ренжімеймін. Оны түсінемін. Өз уақытысы келеді. Екеуіміз араласа бастасақ, жұртқа жария етіп желіге салмаймын. Ондай көзбояушылық қажет емес. Адам шынайы болу керек", - деді Нұрқаділова "Білген дұрыс" бағдарламасына берген сұхбатында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2044976-bugattap-tastady-quralai-nurqadilova-sinlisi-mereimen-qandai-qarym-qatynasta-ekenin-aitty/

pixel