Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ауру деді": актер Ерболат Төлеген артық салмақтан қалай арылғанын айтты

Опубликовано:

Ерболат Төлеген
Ерболат Төлеген. Видеодан кадр: "Ұйқым келмейді" бағдарламасы

Әзілкеш Ерболат Төлеген аз уақытта 20 келі салмақтан арылған. Өнер иесі "Ұйқым келмейді" бағдарламасында сырт келбетіндегі өзгеріс туралы айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Біреулер "ауру" деді. "Қатерлі ісік емессің бе" деді. Керісінше, аяқтағы, желкедегі ауру жоқ болып кетті. Бұрын ұйқыдан тұрып, таңғы асты ішіп, қайта ұйқым келетін. Біреулер "Қатты арықтап кеттің" дейді.

20-ақ келі салмақ тастадым. 2010 жылдары 110, 115, 118 келідей болғанмын. Одан бері қарай арықтап келе жатырмын. Соңғы екі жылда 20 келіге арықтадым. Біреулер "Асқазаныңды кішірейтіп тастадың ба?" дейді. Маған асқазанымды кішірейтіп керегі не? Диета ұстадым", - деді Ерболат Төлеген.

Айта кетейік, осыған дейін Ерболат Төлегеннің бар табысын анасына беретіні белгілі болған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2045069-auru-dedi-akter-erbolat-tolegen-artyq-salmaqtan-qalai-arylganyn-aitty/

pixel