Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Заттыбек пен Ақбота Керімбекованың бесік құда екені рас па

Опубликовано:

Заттыбек Көпбосынұлы
Заттыбек Көпбосынұлы. Видеодан кадр: "Ұйқым келмейді" бағдарламасы

Танымал қазақстандық әнші Заттыбек Көпбосынұлы сәбилі болуды жылдар бойы күткен. Өнер иесі "Ұйқым келмейді" бағдарламасында он жыл күткен қызына шілдехана тойында Ақбота Керімбекованың сырға таққанын баяндап берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Қызымды да он жылдай күттік. 2012 жылы қызды болып, сол жылы шілдехана тойын жасадық. Көптен күткен қуанышымыз болғаннан кейін туыс-туған, достарымыз, өнердегі әріптестерді шақырдық.

Ақботамен бұрыннан жақсы араласатынбыз. Қызым дүниеге келмей тұрып бірге дуэт орындадық. Жолда сапарлас болғанда сырымызды айтамыз. Сонда Ақбота "Сенде ұл да, қыз да болады. Екеуіміз құда боламыз" дейтін. Ақботаның ауызының дуасы бар ғой. Алла Тағала расымен сабырлы құлын жақсы көреді ғой. Шыдамды болған шығармыз, қызды болдық.

Сол тойда Ақбота қызыма сырға тақты ғой. Көпшілік біле бермейді. Бірақ менің ішім қылп ете қалды. Қызымды тойдың үстінде әкететіндей, біртүрлі болдым. Балалардың болашағын бір Алла біледі ғой", - деді Заттыбек Көпбосынұлы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2045087-zattybek-pen-aqbota-kerimbekovanyn-besik-quda-ekeni-ras-pa/

pixel