Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қоштасуға мүмкіндік берді": Құралай Нұрқаділова әкесін ақтық сапарға шығарып салған кезін еске алды

Опубликовано:

Құралай Нұрқаділова сұхбат беруде
Құралай Нұрқаділова сұхбат беруде. Видеодан кадр: Youtube/Bilgen Durys

Қазақстандық танымал дизайнер Құралай Нұрқаділова өміріндегі аса ауыр кезең жайлы жан сырын ақтарып, әкесін ақтық сапарға шығарып салған кезін есіне алды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Саясаткер әкесінің өлімі жайлы сыр шерту Құралай Нұрқаділова үшін қай кезде болмасын қиынға соғады. Ол өміріндегі аса ауыр кезеңдердің бірін есіне алып, асқар тауы әкесінің жаназасы қалай өткенін айтып берді.

Сөзінше, молда анасы екеуіне әкесін жерлеуге қатысуға, онымен қоштасуға мүмкіндік берген.

"Әкемді жерлеуге қатысты имамдар біраз ақылдасты. Киіз үйге кіріп, барлық жолдастары ақылдасқаны есімде. Шығарып салу рәсіміне де біраз саясаткерлер мен қайраткер тұлғалар келді. Әкемді жерлеудің өзі де саясат болды. Мен 15 жыл әкеммен сөйлеспедім. Анам да оны көрген жоқ. Сол себепті молда анам екеуімізге ғана жерлеуге қатысуға рұқсат берді. Мақпал барған жоқ. Айналамыз толған ер адамдар болды. Бізге әкеммен қоштасуға мүмкіндік берді. Бұл тақырыпта сөйлесу маған әлі де ауыр тиеді. Қыз бала зиратқа ер адамсыз бармауы керек дегенді естідім. Бірақ мен әкемнің құлыптасының басында отырып жиі сырласамын", - деді дизайнер "Білген дұрыс" бағдарламасында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2045102-qostasuga-mumkindik-berdi-quralai-nurqadilova-akesin-aqtyq-saparga-sygaryp-salgan-kezin-eske-aldy/

pixel